Астана әуежайының жолаушыларына маңызды ескерту жасалды

Аэропорт в Астане, аэропорт Астаны, международный аэропорт Нурсултан Назарбаев, международный аэропорт в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 16:02 Фото: Zakon.kz
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 10 наурызда жолаушыларға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

12:35-те берілген ақпаратқа сәйкес, Астана әуежайында ауа райы жағдайына және әуе компанияларының операциялық себептеріне байланысты рейстер кестесінде өзгерістер байқалуда.

  • Келу рейстері бойынша: Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда, Бішкек және Омбы бағыттары бойынша 11 рейс кешігуде. Олардың ішінде 2 рейс әуе компанияларының өндірістік себептеріне байланысты, 3 рейс әуе кемесінің ауыстырылуына байланысты кешігуде. Қалған рейстердің кешігуіне ұшақтың кеш келуі себеп болған.
  • Ұшу рейстері бойынша: Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы және Омбы бағыттарына 9 рейс кешігуде. Оның ішінде 2 рейс Астанадағы метеожағдайларға байланысты кешіктірілген, ал қалған рейстер ұшақтардың кеш келуіне байланысты кейінге қалдырылған.
  • Сонымен қатар рейстердің тоқтатылуы тіркелді: 3 рейс (келу) және 8 рейс (ұшу) Астанадағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты тоқтатылды.
"Жолаушылардан рейстердің өзекті мәртебесін әуе компанияларынан нақтылауды, сондай-ақ әуежайдың онлайн таблосындағы жаңартуларды бақылап отыруды сұраймыз, – делінген елорда әуежайының ақпаратында.

Синоптиктердің болжамынша, 10 наурызда Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы, кей уақыттарда қар, боран және тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: