Алматыда екі автокөлік соқтығысты

Алматыда екі автокөлік соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2025 12:22 Сурет: Zakon.kz
30 тамыз таңертең Алматыда Жамақаев – Затаевич көшелерінің қиылысында жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Mitsubishi Diamante және Kia K5 маркалы көліктер соқтығысқан.

Mitsubishi Жамақаев көшесімен оңтүстік бағытта, тауға қарай көтеріліп келе жатқан. Ал Kia Затаевич көшесімен батысқа қарай жүріп келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Kia жүргізушісі "жол бер" белгісін елемей, қиылысқа шығып кеткен. Салдарынан екі көлік соқтығысып, бір бағытқа қарай ұшып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Kia бордюрге шығып кетіп, қарағайға соғылған. Ал Mitsubishi дәл сол бордюрден асып өтіп, азық-түлік дүкенінің қоршауы мен қабырғасына соғылды.

Сурет: Zakon.kz

Апат салдарынан Mitsubishi жүргізушісі жарақат алып, жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді.

Сурет: Zakon.kz

Сонымен қатар дәрігерлер Kia-ның жолаушысына ерекше назар аударды — ол алкогольдік мас күйде болған. Ал көлік жүргізушісі медициналық тексеріске дейін көліктен шығып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты болған жерде жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Алматыда жүргізушісіз қалған көліктің өзен арнасына тұрып қалғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: