Атырауда автобус жүргізушісі баланы қағып өлтірді

Атырауда автобус жүргізушісі баланы қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2025 10:45 Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты. Оқиға 30 тамыз күні сағат 13:30-да Тасқала ауылындағы Орталық көшеде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

mgorod.kz порталының дерегінше, Атырау облыстық полиция департаменті Toyota Coaster маркалы автобустың жүргізушісі "Мектеп" аялдамасының маңында жолды кесіп өтпек болған 10 жастағы баланы қағып кеткенін мәлімдеді.

Ауыр жарақат алған бала ауруханаға барар жолда көз жұмды. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласы Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан қалалық полиция департаментінің маңында әйел адамды көлік қағып кеткенін, ол оқиға орнында қайтыс болғанын хабарлаған едік.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: