Атырау облысында жол-көлік апатынан төрт адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

Атырау облысы, жол-көлік оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 14:49 Сурет: Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
28 ақпанда Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға таңертең Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының Мақат – Қызылқоға бағытындағы 492 шақырымында болды.

Сурет: Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан 4 адам қаза тапты. Үшеуі түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді". Атырау облысы ПД баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: