Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып өлтірді

2025 жылғы 23 сәуірде Астанада жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан велосипед мінген 6 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы жүргізуші Dongfeng маркалы жүк көлігін басқарып келе жатып, Әл-Фараби көшесіндегі аулалық аумақта 6 жасар велосипедшіні қағып кеткен.
Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан көз жұмды, деп мәлімдеді Астана қалалық полиция департаменті.
Астана қаласы полиция департаменті жүргізушілерге аула ішінде және тұрғын үй аймақтарында ерекше сақтық танытып, жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Ақтауда бортсерікпен жанжалдасқан ер адамға үкім шыққандығы жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript