Өлім аузындағы зейнеткер Ақтоғай ауданынан Павлодарға тікұшақпен шұғыл жеткізілді

Тікұшақ, зейнеткер, Ақтоғай ауданы, Павлодар , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 21:50 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" экипажы шұғыл медициналық рейс орындап, 1959 жылы туған зейнеткерді арнайы медициналық көмек алу үшін Ақтоғай ауданынан Павлодарға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство атап өткендей, ер адамға өкпе артериясының тромбоэмболиясы диагнозы қойылған.

"Ұшу кезінде науқастың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Ол Павлодардағы медицина қызметкерлеріне тапсырылғанға дейін оның жағдайы үздіксіз қадағауда болды. Операцияны тәжірибелі экипаж мүшелері — Саукинбек Керім, Әсілхан Азамат және Шахабаев Дәурен орындады. Команданың үйлесімді іс-қимылдары ер адамды тез және қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік берді", делінген хабарламада.

Бұған дейін жаңа туған шақалақ шұғыл түрде тікұшақпен Екібастұздан Павлодарға жеткізілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: