Алатау қаласын ірі әлемдік компания салады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Алатау, город Алатау, виды города Алатау, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 11:39 Фото: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысында халыққа дәстүрлі Жолдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жолдауында ол Алатау қаласындағы инфрақұрылымды салудың маңыздылығын атап өтті.

"Біздің іскерлік белсенділік пен инновациялар орталығымыз Алатау қаласы болмақ. Бұл жалпыұлттық жобаны жүзеге асыру үшін аумақ бөлінді, бастапқы тексеріс аяқталды, негізгі инфрақұрылымдық желілер қосылды", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, құрылысқа ірі әлемдік компания тартылады.

"Жуырдағы Қытайға сапарым барысында әлемдік деңгейдегі компаниялармен көпмиллиардтық келісімдер жасалды. Сол компаниялардың бірі жаһандық Шэньчжэнь технополисін салуға қатысқан және ол Алатау-сити жобасын іске асыруға тікелей атсалысатын болады", – деп қосты президент.

Бұған дейін Alatau City-ге ерекше мәртебе берілетіні хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: