Қазақстанның кедендік бекеттерінде жаңа Wi-Fi нүктелері пайда болады

Вышка мобильной связи, вышки мобильной связи, вышка сотовой связи, вышки сотовой связи, сотовая связь, мобильная связь, мобильная сеть, антенна сотовой связи, антенны сотовой связи, интернет вышки, интернет вышка, мобильный интернет, мобильный оператор, мобильные операторы, сотовый оператор, оператор сотовой связи , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 13:38 Фото: pexels
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев 2025 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет отырысында елдегі интернет байланысын жақсарту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, шекаралық және кедендік бекеттерді интернетпен қамту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

"Бүгінде елде 102 өткізу пункті жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі байланыспен қамтамасыз етілген", – деді Мадиев.

Ұлттық жоба – "Қолжетімді интернет" аясында:

  • 38 өткізу пунктіне талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады;
  • барлық бекеттерді мемлекеттік органдардың Бірыңғай көлік желісіне қосу жоспарлануда;
  • сондай-ақ камералардың бейнебақылау жүйесін Астанадағы Бірыңғай мониторинг орталығына шығару көзделген.

Қосымша ретінде қоғамдық Wi-Fi нүктелерін, оның ішінде спутниктік интернетті орналастыру жоспарланып отыр.

"2026 жылы 50 өткізу пунктін ұялы байланыспен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл шекарадағы цифрлық инфрақұрылымды едәуір күшейтеді", – деді министр.

Қазір елімізде магистральдық және өңірлік талшықты-оптикалық желілер салынып жатыр, "соңғы миля" жобалары іске асырылуда, қалалар мен облыс орталықтарында 5G енгізілуде, халықаралық серіктестермен бірге спутниктік интернет жобалары қолға алынуда және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі рөлін нығайтатын транзиттік ВОЛС маршруттары жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, кеше елімізде жаңа Жасанды интеллект министрлігі құрылатыны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: