9 қыркүйектегі саудада доллар бағамы өсті, ал рубль төмендеді

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 16:05 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 9 қыркүйекте сағат 15:30-да шетелдік валюталар бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 536,76 теңгені құрап, 1,67 теңгеге қымбаттады.

Рубль бағамы 6,51 теңгеге дейін төмендеді (-0,05).

Қытай юанінің орташа бағамы таңертеңгі саудада 75,27 теңге болды (+0,25).

Валюта айырбастау пункттерінде доллар 537,5–539,9 теңге, еуро 630,5–634,5 теңге, рубль 6,37–6,51 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда.

Әлемдік мұнай бағасы да 9 қыркүйектегі саудада өсім көрсетті.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,1%-ға өсіп, барреліне 66,75 долларды, ал WTI 0,9%-ға қымбаттап, 62,84 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 535,13 теңге, еуроны – 627,44 теңге, рубльді – 6,52 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: