Астанада полицейлер электросамокаттардың жаңа "тұрағын" көрсетті
Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылдың 9 қыркүйегінде, Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі электросамокаттар қойылған арнайы орынды көрсетіп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған самокаттар — белгіленбеген жерлерге қойылған көліктер. Полиция қызметкерлері оларды анықтап, эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Тротуарларға, көгалдарға және басқа да арнайы бөлінбеген жерлерге тасталған электросамокаттар жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіреді және қауіп тудырады. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, мұндай көлік құралдары коммуналдық арнайы тұраққа эвакуацияланады", – деп нақтылады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Сурет: Астана қаласы Полиция департаменті
Сондай-ақ полиция өкілдері ережені бұзғаны үшін жауапкершілік электросамокаттардың иелеріне – кикшеринг компанияларына жүктелетінін, және олар заң аясында жауапқа тартылатынын атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғысы келетіндерге маңызды ескерту жасалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript