Павлодарда полиция алаяқтық схемаларда пайдаланылған SIM-box жабдығын тәркіледі
Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар қаласындағы пәтерлердің бірінен арнайы жабдық пен телефон карталары қойылған жасырын кеңсе анықталды.
Тергеу барысында облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны биылғы жылдың 12 маусымынан бастап SIM-box құрылғысын қолданғаны белгілі болды.
Күдіктінің негізгі міндеті – SIM-карталарды тіркеп, оларды SIM-box-қа орнату болған. Тінту кезінде тәртіп сақшылары 32 слотты SIM-box құрылғысын, MikroTik желілік трафикті басқару құралдарын, ұялы телефондар мен ноутбукті тәркіледі.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript