Адамдардың өміріне қауіп төндірген жасөспірім: Қарағандыда 15 жастағы бала ұсталды

Қарағанды полициясы көпқабатты үйлердің төбесіне кірпіш қойып, олар кез келген сәтте жаяу жүргіншілердің үстіне құлап кетуі мүмкін болған жасөспірімді тапқанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 09:47 Сурет: Қарағанды облысының ПД
Қарағанды полициясы көпқабатты үйлердің төбесіне кірпіш қойып, олар кез келген сәтте жаяу жүргіншілердің үстіне құлап кетуі мүмкін болған жасөспірімді тапқанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оның 15 жастағы жасөспірім екені анықталды. Ол заңды өкілімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

"Кәмелетке толмаған балаға қатысты профилактикалық әңгіме жүргізілді, ол ішкі мектеп есебіне қойылды. Ал оның заңды өкіліне қатысты "Кәмелетке толмағанның бұзақылығы" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары сотқа жолдануда", – деді полицияда.

Полиция жасөспірімнің мұндай әрекетке бару себебін түсіндірмеді, бірақ оның жанынан табылған заттарды көрсетті: противогаз, кепка, қысқыш құрал, балаклава.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы бірнеше тұрғын үй кешені тұрғындарының жасөспірімнің оғаш әрі аса қауіпті әрекеті туралы хабарлағаны жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: