Ақтауда 16 жастағы жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады
Сурет: pxhere
Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап, мерт болды. Оқиға 2023 жылғы 10 қазанда тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдары 16 жастағы қала тұрғынының өлімінің мән-жайын анықтап жатыр. "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тергеу басталды, деп жазды lada.kz порталы.
16 жастағы қыздың мәйітінен зорлық белгілері табылды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript