ШҚО-да полиция мал ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстады

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 10:06 Фото: Zakon.kz
Облыстық "Бекет" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер қажетті құжаттарсыз үш малдың еті тиелген автокөлікті тоқтатқан.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Полицейлер олардың бұған дейін жасалған бір ірі қара мал ұрлығына қатысы барын анықтады.

Қылмыстық әрекеттер әсерінен жалпы 600 мың теңгеден астам шығын келтірілген. Ұрланған малды күдіктілер облыс орталығына жеткізіп, ет базарында сатуды жоспарлаған. Тәркіленген үш малдың еті заңды иелеріне қайтарылды.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция өңір тұрғындарын өз мүлкін қорғау шараларын дер кезінде қабылдауға, малды қараусыз қалдырмауға, қораларды нығайтуға, жануарларды таңбалауға шақырады.

Мал ұрлығы немесе жоғалуы жағдайында бірден "102" нөміріне хабарлау қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: