Жасанды интеллект 50 мың қазақстандықты “жұмысқа орналастырды”

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 10:58 Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) қызықты мәлімдеме жасады. Ведомство Enbek.kz электронды еңбек биржасында жаңа функция енгізген – ол жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен бос жұмыс орындарын іріктеу қызметі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің дерегінше, сервис 2025 жылғы сәуірде іске қосылған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, оның көмегімен 50 мыңнан астам үміткерге жеке ұсыныстар жасалған.

Мамандардың айтуынша, қолданылып отырған ЖИ моделі түйіндемелер мен бос жұмыс орындарын талдап, талап етілетін мамандықтар мен кәсіби топтарды, күтілетін жалақыны, тұрғылықты аймақты және кәсіби дағдыларды ескеріп ұсыныс береді.

"Бұл ретте заманауи табиғи тілді өңдеу және машиналық оқыту технологиялары қолданылады", – деп атап өтті ведомство.

Жоба түйіндемелер мен бос жұмыс орындарын талдау процесін автоматтандыруға бағытталған. Бұл жұмыс берушілер үшін лайықты кандидат іздеуді едәуір жеделдетіп, қол еңбегін азайтты.

Айта кетейік, түйіндемені өңдеу уақыты 2 секундтан аспайды, ал бос жұмыс орнын қолмен іріктеу уақыты 80%-ға қысқарған.

"Алдағы уақытта ЖИ технологиялары жұмыс іздеу процесін 90%-ға жеделдетеді деп күтілуде", – деді министрлік өкілдері.

ЖИ технологиялары қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда. 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде Жасанды интеллект министрлігі құрылатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жаңа министрлік жасанды интеллектті барлық салаға енгізуді реттеумен айналысады.

Келесі күні, 9 қыркүйекте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық көмекті цифрландыру жоспарымен бөлісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: