Қарағандыда құрылыс фирмасының қызметкері 5,5 млн теңгенің тауарын заңсыз иемденді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 12:39 Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне құрылыс материалдарын сатумен айналысатын ұйымның басшысы арызданды.

Ол жалпы құны 5,5 миллион теңгенің тауары жоғалғанын хабарлап, бұл дерекке өзінің 38 жастағы қызметкерінің қатысы бар деп ойлайтынын айтқан.

Аталған азамат 2025 жылғы мамыр айынан бастап жұмыс орнында болмаған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны ұстады.

Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады. Оның сөзінше, бір ай көлемінде ол клиенттерден тапсырыс қабылдап, толық алдын ала төлем алған. Дегенмен қоймадан тауарды алғанымен, сатып алушыларға жеткізбеген.

Қазіргі уақытта ұрланған құрылыс материалдарының нақты қайда жұмсалғаны анықталуда. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық мән-жай тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: