Қарағандыда ер адам өзінің жұмыс орнынан 4,5 млн теңгенің мүлкін ұрлаған
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қарағандыдағы Жаңа-Майқұдық полиция бөлімшесіне қала ұйымдарының бірінің басшылығы ірі көлемдегі ұрлық туралы арызданды.
Ішкі тексеріс барысында кәсіпорыннан бейнепанельдің жоғалғаны анықталып, ұйымға шамамен 4,5 миллион теңге көлемінде материалдық зиян келген.
Жедел шаралар нәтижесінде полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол – осы ұйымның 44 жастағы қызметкері болып шықты.
Тергеу барысында ер адамның бейнепанель бөліктерін біртіндеп алып шығып, кейін толық жинақталған құрылғыны сатуды жоспарлағаны белгілі болды.
Ол тіпті бірнеше рет интернетке хабарландыру да жариялаған.
Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданады. Ұрланған бейнепанель тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іске тіркелді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript