Жамбыл облысында өз үйінен алтын бұйымдар ұрлаған азамат анықталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 16:55 Фото: Zakon.kz
Т. Рысқұлов ауданында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі ұрлық фактісін ашты.

Құны 1, 8 млн теңгеден асатын алтын әшекейлерді ұрлаған күдікті – жәбірленушінің туған ұлы болып шықты.

Тергеу барысында белгілі болғандай, 40 жастағы азамат әкесінен қаржылай көмек сұраған, алайда оның өтініші орындалмаған.

Содан кейін ол туыстарының тойға кеткен сәтін пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, әйелдер мен ерлерге арналған алтын бұйымдарды жасырын иемденген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағына (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: