12 қыркүйек саудасында теңге барлық валюталарға қатысты құнсызданды

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 15:53 Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 12 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валютасы бойынша күндік сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақты орташа бағамы 540,84 теңге болып, тағы да 1,76 теңгеге көтерілді.

Рубль бағамы 6,36 теңгеге дейін өсті (+0,04).

Қытай юанінің салмақты орташа бағамы таңғы саудада 75,97 теңге болды (+0,32).

Валюта айырбастау пункттерінде доллар 539,1–541,5 теңгеден, евро 633,5–637,5 теңгеден, рубль 6,35–6,47 теңгеден сатылады/сатып алынады.

Әлемдік мұнай бағалары 12 қыркүйек саудасында төмендеді.

Мысалы, Brent мұнайы бойынша қараша айына арналған фьючерстер электрондық ICE Futures саудасында 0,05%-ке арзандап, 1 баррель үшін 66,34 долларға сатылды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнай фьючерстері қазан айына 0,11%-ке арзандап, 1 баррель үшін 62,30 долларға бағаланды.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 538,89 теңге, еуроны 629,53 теңге, рубльді 6,34 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: