"Сабыр сақтаңыз": Қазақстан Қорғаныс министрлігі маңызды хабарлама таратты
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Бүгін, 2025 жылғы 12 қыркүйекте, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің (ҚМ) баспасөз қызметі маңызды ақпараттық хабарлама таратты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ҚР қорғаныс ведомствосының Telegram-каналына сәйкес:
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысында "Батыс" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен "Айбалта-2025" екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Дайындық барысында осы жылдың 12 қыркүйегінен бастап бірқатар облыстардың аумағынан күш-құралдардың қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер (жеке құрам және әскери техника) аралас тәсілмен – темір жол және автокөлікпен жүріп өтеді, содан кейін тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады.
Жалған мәліметтерді тарататындар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. ҚР Қорғаныс министрілігін баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


