Еліміздің екі қаласында ауа сапасының нашарлауы күтілуде

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2025 09:05 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстанның екі қаласының тұрғындарын 2025 жылғы 13 қыркүйекте ауадағы ластанудың жоғары деңгейі күтілетіні туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжауына сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе және Алматы қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында көп уақыт өткізуді шектеу ұсынылады. Ал тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға сыртта жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Бұған дейін Қазақстанда сенбі күні дауылды ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: