Қазақстанда жоғары жылдамдықтағы пойыздар жүрмейді – ҚТЖ

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, скоростной поезд, Тальго, пассажиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 13:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов 2025 жылғы 17 қыркүйекте ұлттық тасымалдаушы ғимаратында өткен брифингте Қазақстанда жоғары жылдамдықтағы пойыздарды іске қосу мүмкіндігін бағалап, пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл мәселедегі басты фактор – экономикалық тиімділік екенін атап өтті.

"Көп айтылатын сұрақтардың бірі – бұған экономикалық тұрғыдан қаншалықты тиімді деген мәселе. Жақында мен форумда қытайлық әріптестеріммен сөйлестім, олар: "Жоғары жылдамдықтағы пойыз экономикалық тұрғыдан тиімді болуы үшін маршруты бойынша шамамен 60 жұп пойыз болуы керек" дейді. Қытай үшін, бәлкім, бұл ешқандай проблема емес", – деді Ахметжанов.

Қазақстан үшін бұл қиындық тудырады, өйткені жеткілікті жолаушы жоқ.

"Жоғары жылдамдықтағы қозғалыс үшін не қажет? Арнайы жол керек – бұл инвестиция. Астана мен Алматы арасындағы инфрақұрылымды құру үшін кем дегенде 10 миллиард доллар қажет болады. Ал біз күн сайын қанша адам тасымалдаймыз? 3 мың ба, 4 мың ба? Бағасы қандай болады? Барлық есептеулер жүргізілді, және қазіргі таңда жоғары жылдамдықтағы магистраль салу экономикалық тұрғыдан тиімді емес. Сондықтан жақын болашақта жоғары жылдамдықтағы пойыздар жүрмейді", – деп түйіндеді спикер.

Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қазақстандықтардың жолаушы вагондарының нашар жағдайына шағымданғанын айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: