Алматыдан Мәскеуге пойыз қатынасы уақытша тоқтатылуы мүмкін

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезда, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, пассажиры поездов, пассажиры поезда , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 13:55 Фото: Zakon.kz
"ҚТЖ" басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов 2025 жылғы 17 қыркүйекте ұлттық тасымалдаушы ғимаратында өткен брифингте "Алматы – Мәскеу" бағытындағы қатынастың қалпына келтірілуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол бұған дейін тараған ақпараттың толық емес екенін атап өтті.

"Толыққанды "Алматы – Мәскеу" маршруты әлі іске қосылған жоқ. Тек біздің пойызбен Саратовқа дейін жүретін екі тіркеме вагон ғана бар, сосын олар ресейлік пойызға қосылып, Мәскеуге барады. Біз оны сынақ ретінде жібердік, сұраныс бола ма, жоқ па, соны талдау үшін", – деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, сұраныс жоғары болса, екі қала арасында толыққанды қатынас ашылуы мүмкін.

"Сұраныс болса, толық маршрут ашамыз. Бұл ресейлік теміржолмен келісілген. 26 қазаннан кейін сұраныс аз болса, осы вагондарды жай ғана тоқтатамыз. Бұл – тестілік режим", – деп түсіндірді спикер.

Бұған дейін біз Алматы мен Мәскеуді қайта пойыз байланысы қосатынын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: