Алматыда жылу желілерін жөндегеннен кейінгі абаттандыру жұмыстары уақытында бітпеуі мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Алматыда жаз бойы жылу желілері жөнделді. Бүгін, 2025 жылғы 18 қыркүйекте, "Алматы жылу желілері" ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір мамандар 10 нысанда абаттандыру жұмыстарын қалпына келтіруге кірісті.
Жоспарланған аяқталу күні – 22.09.2025 ж. дейін.
Мекенжайлар:
- Желтоқсан – Абылай хан – Қарасай батыр – Бөгенбай батыр;
- Чайковский – Желтоқсан – Қарасай батыр – Бөгенбай;
- Панфилов – Байсейітова – Жібек жолы – Гоголь;
- Катаев – Жандосов – Солодовников – Гагарин;
- Төле би – Чокин – Қазыбек би – Исаев;
- Шевченко – Қожамқұлов – Жамбыл – Шагабутдинов;
- Жамбыл көшесі 205, Жароков көшесі 39/1;
- Жароков көшесі 16;
- Уәлиханов – Пушкин – Гоголь – Жібек жолы;
- Қонаев – Уәлиханов – Қабанбай батыр – Қарасай батыр.
Сонымен қатар 15 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысында тұр.
Жоспарланған аяқталу күні – 25.09.2025 ж. дейін.
Мекенжайлар:
- Кәрімов – Васнецов – Бруно – Аносов – Бөгенбай;
- Сәтбаев – Наурызбай батыр – Тимирязев – Желтоқсан;
- Айманов көшесі 70, Жароков көшесі 39/2;
- Мақатаев – Қашғар – Жібек жолы – Масанчи;
- Гоголь – Мұратбаев – Айтеке би – Қожамқұлов;
- Маметова – Жүргенов – Пушкин – Нүсіпбеков;
- Панфилов – Назарбаев – Жібек жолы – Мақатаев;
- Досмұхамедов – Жібек жолы – Байтұрсынов – Гоголь;
- Байсейітова – Панфилов – Жібек жолы – Мақатаев;
- Исаев – Қазыбек би – Чокин – Әйтеке би;
- Саин – Момышұлы – Ұлықбек – Абай;
- Сәтбаев – Мүсрепов – Бұқар жырау – Байзақов;
- Айнабұлақ–1 ықшам ауданы, РТК–36С–2-ден 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 үйлерге дейін;
- Алтай ықшам ауданы, Монтажная көшесі;
- Сейфуллин – Котельников – Ақан сері, Котельников көшесі, Варшава өткелі.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстардың мерзімі ұзартылуы мүмкін. Барлық нысан қалалық қызметтердің бақылауында", - делінген "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламасында.
Сонымен бірге Алматыда күздің келгені сезіле бастады. Синоптиктердің дерегінше, бүгін, 2025 жылғы 18 қыркүйекте ауа температурасы +19°C-қа дейін жылынады, бірақ жаңбыр жауып, екпіні күшті жел соғады. Сондықтан сыртқа жылы күртесіз шығу қиын. Редакция жылуды қашан қосатынын білу үшін Энергетика және су жабдықтау басқармасынан түсінік сұрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript