Синоптиктер жұма күні Қазақстанның қай облысында -2°C дейін үсік болатынын айтты

Синоптиктер жұма күні Қазақстанның қай облысында -2°C дейін үсік болатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2025 19:11 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы жұма, 2025 жылғы 19 қыркүйекке арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға бойынша, түнде Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік күтіледі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де оңтүстік циклонның ықпалында болады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. Сондай-ақ солтүстік-шығыс пен орталықта бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта түнде және таңертең тұман түседі", - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады:

  • Жоғары өрт қаупі – Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында;
  • Өте жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында; Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен орталығында; Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында; Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында; Қарағанды облысының оңтүстігінде; Ұлытау облысында; Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында; Алматы облысының солтүстігі мен шығысында; Жетісу облысында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: