Қазақстанның орталық бөлігінде 20 қыркүйек күні -1°С дейін үсік күтіледі
Сурет: unsplash
20 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Республиканың көптеген өңірлерінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, түнде Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде -1°С дейін үсік күтіледі.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де болса оңтүстіктен келетін циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста күшті жаңбыр жаууы, бұршақ жаууы және дауылды жел тұруы мүмкін... Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Тек елдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, солтүстік-батыс антициклонының тармағының ықпалымен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сондай-ақ Қазақстанның бірқатар өңірлерінде келесі қауіптер болжануда:
- Жоғары өрт қаупі – Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында;
- Төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында.
Бұған дейін азақстанда ауа райы бұзылатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript