Радикалды идеяларды насихаттаған қазақстандық бес жылға сотталды

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 14:07 Фото: pexels
Сәтбаев қалалық соты терроризмді насихаттады деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот барысының мән-жайын Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі Zakon.kz-ке хабарлады.

Айыптау қорытындысына сәйкес, қазақстандық ауызша үгіттеу арқылы және діни мәтіндерді бұрмалап пайдаланып, қала тұрғындарының санасына ықпал етіп, оларды радикалды идеологияға тартуға тырысқан.

Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, айыпталушыны ҚР ҚК 256-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. "Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген Ұлытау облысы прокуратурасының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Жезқазған тұрғыны Ұлытау облысы прокуратурасының ғимаратының қақпасын досының үйі деп ойлап, ашпақ болған. Алайда қақпаны аша алмай, сындырғаны туралы хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: