Астанада полицейлер аккумулятор ұрлығын әшкереледі

Астана қаласында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөліктен аккумулятор ұрлаған азаматты қолға түсірді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 16:05 Сурет: ҚР ІІМ
Астана қаласында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөліктен аккумулятор ұрлаған азаматты қолға түсірді.

Тексеру нәтижесінде 41 жастағы ер адамның таңғы сағат 06:00 шамасында тұрғындар ұйықтап жатқан сәтті пайдаланып, жеке үйлердің жанында тұрған автокраннан аккумуляторды шешіп алғаны анықталды.

Кейін ол ұрланған затты металл қабылдау пунктіне өткізіп жіберген. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарға автокөліктерін қараусыз қалдырмауды, аула мен жеке аумақтарға бейнебақылау орнатуды және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Қырағылық пен сақтық – қылмыстың алдын алудың басты кепілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: