Астанада көлік бөлшектерін ұрлаған ер адам анықталды
Астана тұрғыны бір түнде екі көлікті тонап үлгерген. Түнде Абай даңғылы бойындағы үйдің жанындағы автотұрақта құлпы ашылған Volkswagen Passat автокөлігінің аккумуляторын, магнитофонын және жұмыс бөлшектерін алып шығып, жалпы сомасы 140 мың теңге залал келтіргені анықталды.
Дәл сол түні күдікті көрші ауладағы ВАЗ 2106 көлігінің аккумуляторын дәл осылай шығарып алған.
Белгілі болғандай, ер адам ұрланған автокөлік бөлшектерін үйінің ауласындағы бұталардың арасына жасырып, таңертең жалдаған көлікке олжасын тиеп, кейін оны сатып жіберген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындап, оның бұрын астанада осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.