Қазақстандықтар "тегін ақша" үшін жалақыларын да, туыстарын да жасырып қалған

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 10:20 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Түркістан облысында прокурорлар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу үшін туыстарын жасырған отбасыларды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалаушы органда 2025 жылғы 23 қыркүйекте азаматтардың нақты табыстарын, сондай-ақ отбасында жұмыс істейтін мүшелерінің санын жасырған фактілері белгілі болғаны айтылды.

"Мәселен, Сарыағаш (11), Келес (6) және Мақтаарал (2) аудандарының тұрғындары өз табыстарын жасырып, мемлекет қаржысынан заңсыз түрде 4,2 млн теңге иемденген. Бұдан бөлек, Келес ауданының 13 тұрғыны өтініш беру барысында бірге тұратын отбасы мүшелерін әдейі жасырған, сөйтіп жиынтық табысты төмендетіп, кедейлік шегінен аспауға тырысқан. Осылайша, олар мемлекеттен заңсыз 2,2 млн теңге алған", – делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Айта кетейік, бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін Түркістан облысында 13 миллион теңгеге заңсыз АӘК тағайындау фактісі анықталған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: