Тоқаев пен Стубб Нью-Йоркте не туралы әңгімелесті

Тоқаев пен Стубб , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 02:44 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екенін айтты.

Кездесуде әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы Жалпы дебатта сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті.

Сондай-ақ Тоқаев Монако Князьін елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Тоқаев кейінірек Макронмен өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: