Тоқаев Макронмен өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты

Тоқаев Макронмен кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 02:08 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. 

Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды. 

Сурет: akorda.kz

Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді.

Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы Жалпы дебатта сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті.

Сондай-ақ Тоқаев Монако Князьін елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: