Астанада Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі төрт күнге жабылады

Астанада Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі төрт күнге жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 22:09 Сурет: Zakon.kz
Астанада 25-28 қыркүйек аралығында Шәмші Қалдаяқов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі. Шектеу Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі аралықта енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған бөлікте жолдың үстіңгі қабаты төселіп жатыр.

"Қозғалыс екі бағытта да жолдың бір жағымен қамтамасыз етіледі", - деп мәлімдеді басқармада.

Қала тұрғындары мен қонақтарына кептелістердің алдын алу үшін маршруттарын алдын ала жоспарлау ескертілді.

Сондай-ақ әкімдік уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды өтінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: