Forbes тізіміндегі миллионерлер мен экс-шенеуніктерден 21 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Forbes тізіміндегі миллионерлер мен экс-шенеуніктерден 21 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2025 12:00 Сурет: pexels
Алматы облысы прокуратурасы 15 жылдан астам уақыт бұрын жекеменшікке берілген құнды жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс бірнеше жыл бойы уәкілетті органдармен, соның ішінде Жер ресурстарын басқару департаменті мен Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен бірлесіп жүргізілді.

"Кейінгі үш жылда мемлекетке жалпы құны 6,1 млрд теңге болатын 83 мың гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 21 мың гектар, құны 1,6 млрд теңге болатын жерлер бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің, олардың туыстарының және Forbes тізіміне енген тұлғалардың иелігінде болған", - делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Атап айтқанда, прокуратураның талап-арызы бойынша 2025 жылғы мамырда Қапшағай жағалауындағы Құлыбаевтар әулетіне тиесілі жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сол сияқты тағы 9 гектар жағалаулық аумақ та мемлекетке өтті.

"Іле ауданындағы жерлерге қатысты жұмыс жалғасып жатыр", - деп нақтылады мамандар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: