Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК 28 қыркүйектегі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, 2025 жылғы 28 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар еліміздің үш қаласында күтіледі. Атап айтқанда, Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сондықтан мұндайда қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Бұған дейін синоптиктер 28 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болып, кей өңірлерде тұман түсіп, екпінді жел соғуы, жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін екенін ескерткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript