Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 20 желтоқсанда Алматы және түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript