Алматы халықаралық матчқа дайын: жүргізушілерге нені білу маңызды
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында қазақстандық "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы көптен күткен матч өтеді. Осы ауқымды шара қарсаңында қалалық полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, полиция күшейтілген қызмет тәртібіне көшіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдады.
Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Қалалық полиция Департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын алдын ала қозғалыс шектеу сызбасымен танысуға, өз бағытын түзетуге және қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге шақырады.
Азаматтарды түсіністік танытқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл шаралар уақытша сипатқа ие және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен іс-шараның жайлы өтуіне бағытталған. Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
