Қызылордада сотталған азамат темекі қорабына жасырып есірткі өткізбек болды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде қала ішіндегі жұмыс орнынан оралған сотталған азаматты тексеру барысында тыйым салынған затты алып кіруге әрекет жасалғаны анықталды., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 14:30 Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде қала ішіндегі жұмыс орнынан оралған сотталған азаматты тексеру барысында тыйым салынған затты алып кіруге әрекет жасалғаны анықталды.

Тексеру кезінде оның қалтасындағы темекі қорабы қаралды. Нәтижесінде үш дана темекінің ішінен өткір иісі бар жасыл түсті белгісіз зат табылып, жедел түрде тәркіленді.

Арнайы жедел-тергеу тобы шақырылып, алынған зат сот-химиялық сараптамаға жолданды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, оның кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне (Есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: