Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында азамат қамауда отырған танысына жаңғақ ішіне есірткі жасырып өткізбек болды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 12:46 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде қамауда отырған азаматқа жақын танысы сәлем-сауқат әкелген.

Мекеме қызметкерлері сәлем-сауқатын тексеру барысында жаңғақ ішінен өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті затты анықтады. Дереу "102" нөміріне хабарланып, мекемеге жедел тергеу тобы шақыртылды. Анықталған затқа сот химиялық сараптамасы тағайындалып, сараптама қорытындысымен 8,56 грамм келтірілген марихуана екені расталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 -бабының 2- тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

"Мекемеге тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуінің алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып жатырмыз. Тергеу мекемесінде әрбір қамауда отырған айыпталушылар мен сотталған азаматтарға әкелінген сәлем-сауқатты арнайы құралдармен тексереміз. Сонымен қатар тыйым салынған заттарды анықтайтын рентген аппараты да жұмыс жасайды. Қызметкерлердің жіті қадағалау барысында тыйым салынған заттар анықталып отыр. Мекеме қызметкерлері әрбір келушілерге сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды әкелу заң алдында жауап берілетіндігін ескертсе де, осындай жағдайлар тіркелді", – дейді жедел бөлім тобының жедел уәкілі Бекнұр Байдүсен.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: