Астанада полицейлер жанып жатқан автокөлікті сөндірді

Астана қаласында патрульдеу кезінде патрульдік полиция полкының қызметкерлері Жандос Танлашев пен Тұрар Арап, жолдың қарсы бетінде техникалық ақау салдарынан өртке оранған сұр түсті автокөлікті байқап қалған., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 16:09 Сурет: ҚР ІІМ
Астана қаласында патрульдеу кезінде патрульдік полиция полкының қызметкерлері Жандос Танлашев пен Тұрар Арап, жолдың қарсы бетінде техникалық ақау салдарынан өртке оранған сұр түсті автокөлікті байқап қалған.

Өртті көрген сәтте тәртіп сақшылары дереу бұрылып, оқиға орнына жеткен. Уақытты жоғалтпай, өрт сөндіргіштердің көмегімен жалынды ауыздықтауға кірісті.

Полицейлердің жедел әрі үйлесімді іс-әрекетінің арқасында оттың таралуына және ауыр зардаптардың туындауына жол берілмеді.

Автокөлік иесі 30 жастағы елорда тұрғыны көрсетілген дер кезіндегі көмек үшін полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Астана қаласы полиция департаменті автокөлік иелеріне көліктің техникалық жағдайын тұрақты түрде тексеріп тұруды ескертеді.

Бұл – жолдағы барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: