СҚО-да полицейлер жол үстінде қиындыққа тап болған мұғалімдерге көмектесті

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, участок полиции , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 14:38 Фото: Zakon.kz
СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Челябі – Новосібір автожолын патрульдеу кезінде жол жиегінде авариялық жарық сигналдарын қосып тұрған Kia автокөлігін байқады.

Көлікте екі әйел отырған – Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық мектептерінің бірінің директоры және оқытушысы.

Көліктің дөңгелегінің желі шығып кеткендіктен тоқтауға мәжбүр болыпты. Полицейлер қосалқы дөңгелекті салуға көмектесті, ал мұғалімдер сапарларын жалғастырды.

Олар мектеп олимпиадасына асығып бара жатыр екен. Қаңтар айының басынан бастап тәртіп сақшылары СҚО жолдарында жүргізушілерге бірнеше рет көмек көрсетті: жанар-жағармайы таусылған көлікті сүйреді, аккумуляторы отырған көлікті оталдыруға көмектесті.

Ал Жезқазған – Петропавл тасжолының 800-шақырымында Audi автокөлігі қарлы боранның салдарынан жолдан шығып кеткен.

Тәртіп сақшылары жеңіл автокөлікті жол үстіне шығару үшін өтіп бара жатқан КамАЗ-дың жүргізушісін көмектесуге шақырады.

Полицейлер Солтүстік Қазақстан облысында қысқы жолдарда көлік жүргізу кезінде өте мұқият болуды еске салады. Алыс жолға шықпас бұрын көлік құралының техникалық жарамдылығына көз жеткізіп, қажетті құралдар мен жылы киімдерді салып алған жөн.

Телефонды қуаттап алған абзал. Сондай-ақ тәртіп сақшылары ауа-райы болжамдары мен шұғыл қызметтердің жолдарды жабу туралы хабарламаларын бақылап отыруға кеңес береді. Қозғалыс кезінде жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажет.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: