Жамбылдық полицейлер 111 рет жол ережесін бұзған астаналық жүргізушіні ұстады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2024 09:49 Сурет: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағын патрульдеу кезінде "Қорғау" жүйесінің көмегімен Астана қаласынан бағыттама берілген Kia Rio автокөлігін анықтады.

Көлік жүргізушісі Астанада, Таразда және Қазақстанның басқа өңірлерінде 111 рет жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзып, барлығы 2,5 миллион теңгеден астам сомада айыппұлы болған.

Көбінесе жылдамдық режимін асырғаны үшін аппараттық-бағдарламалық кешендер мен камераларға түскен. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

"Қорғау" мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты түрде қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында енгізілді. Онда ішкі істер министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешендері, мобильді қосымшалары біріктірілген, ондағы мәліметтер полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі.

Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін, бағыттамалар бойынша іздестірілетін көліктер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушыларды және тағы басқа бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: