Алматыдағы Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 14:35 Фото: Zakon.kz
Алматының шығыс бөлігінде арық жүйесін салу және қайта жаңарту жобасы аясында Экология және қоршаған орта басқармасы мердігер ұйым – "АлматыДорСтрой" компаниясымен бірлесіп, Оспанов көшесінде арық желісінің өткелін салу жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты 2025 жылы 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу "Эдельвейс" тұрғын үй кешенінен Жамақаев көшесіне дейінгі учаскеде енгізіледі.

Айта кетейік, уақытша қозғалыс шектеуі туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде жарияланады. Сондай-ақ мәліметтер 2GIS пен Яндекс карталарындв да қолжетімді.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қала тұрғындары мен қонақтарынан бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: