Террористерге арналған аурухана қауіпті жағдайда – депутат қоғам үшін төнген қатер туралы мәлімдеді

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 16:57 Фото: primeminister.kz
2025 жылғы 2 қазанда Сенат депутаты Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында Республикалық арнайы үлгідегі психиатриялық аурухананың (қатаң бақылаумен) қанағаттанарлықсыз жағдайына назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл – аса қауіпті қылмыскерлерді емдейтін жалғыз мекеме.

"Республикалық арнайы үлгідегі психиатриялық аурухананың қазіргі мүшкіл жағдайына назар аударғым келеді. Бұл – еліміздегі жалғыз мекеме, онда сот шешімімен аса ауыр қылмыс жасаған психикалық ауытқуы бар адамдар мәжбүрлі түрде емделеді", – деді Шиповских.

Оның айтуынша, аталған мекеменің қазіргі жағдайы тек науқастар үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де үлкен қауіп төндіреді.

"Аталмыш мекемеде террористік және экстремистік ұйымдардың мүшелері, кісі өлтіргендер және өзге де аса қауіпті қылмыскерлер ұсталады. Алайда мекеме санитарлық талаптарға да, қауіпсіздік стандарттарына да сай келмейді. Ғимарат 1972 жылы салынған, содан бері күрделі жөндеу көрмеген, лифт пен пандустар жоқ, сейсмикалық жағынан нығайтылмаған. Қауіпсіздік қоршауы сенімсіз, бұл жағдайды одан сайын ушықтыра түседі. Осындай жағдайда біз қоғам үшін ерекше қауіп төндіретін адамдарды ұстап отырмыз. Бұл – қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін қауіп, оны болдырмауымыз керек", – деп атап өтті депутат.

Бұдан бөлек, ауруханада кадр тапшылығы да бар: 750 штаттық бірліктің тек 647-сі ғана қамтылған. Жалақының төмендігі мен әлеуметтік пакеттің болмауы қызметкерлерді, әсіресе кіші медициналық және шаруашылық саласының мамандарын ұстап тұруға мүмкіндік бермейді. Бұл өз кезегінде стратегиялық нысанның тұрақты жұмысын қиындатып отыр.

"Бұл – тек медициналық мәселе емес, ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе. Бұл мекемеде қоғамға ерекше қауіп төндіретін адамдар отыр. Сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды. Аурухананы стратегиялық нысандар тізіміне қосып, жаңа корпустың құрылысын бастау, күрделі жөндеу жүргізу, инженерлік жүйелерді жаңғырту қажет. Сонымен қатар қызметкерлердің жалақысын көтеріп, әлеуметтік пакет қарастырған жөн", – деді Шиповских.

Бұған дейін Оралда 10 жастағы қызға шабуылдаған күдікті қамауға алынғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: