Павлодар облысында шетелдік заңсыз тіс емдеп келген

Павлодар облысында шетелдік заңсыз тіс емдеп келген, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 21:59 Сурет: polisia.kz
Павлодар облысында шетелдік азамат заңсыз түрде стоматологиялық медициналық қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы аумағында "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 

Полиция қызметкерлері тексеріс барысында 1 тоннадан астам дәрі мен ампула түріндегі есірткі құралын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын шектеді. Полиция қызметкерлері емдеу-профилактикалық мекемелерде, кәсіпорындарда, дәріханалар мен қоймаларда рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде Железин ауданының бір ауылында шетел азаматының халыққа заңсыз медициналық қызмет көрсеткенін анықтады. Оның стоматологиялық қызмет көрсетуге рұқсаттама құжаттары болмаған.

Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады.

Материал Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне қарауға жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: