Соттан тыс банкроттықты қолдану: ережелер жаңартылды

Пустой кошелек, безработица, банкрот, банкротство, должник, неплатежеспособный, неплатежеспособность, задолженность, безработный, безработные, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 10:23 Фото: freepik
2025 жылғы 30 қыркүйекте Қаржы министрі "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары мен нысандарына өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет Қазақстан азаматы болып табылатын жеке тұлғаға (борышкерге) банктік қарыз шарты мен жеке тұлғаларға микрокредит беру шарты бойынша екінші деңгейдегі банктер, ҚР-да филиалы бар бейрезидент-банктер, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, микқаржы қызметін жүргізетін ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.

Міндеттемелер қатарына сондай-ақ екінші деңгейлі банктер, бейрезидент банктердің филиалдары, жекелеген банк операцияларын жүзеге асырған ұйымдар, микроқаржы ұйымдары немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы берешектер де кіреді. Бұған уәкілетті орган лицензиясынан айырған, таратылған, тарату сатысында тұрған немесе тізілімнен шығарылған ұйымдар, сондай-ақ банктік қарыз, займ (несие) және микрокредит шарттары бойынша құқықтары басқа кредиторларға өткен ұйымдар алдындағы міндеттемелер де жатады.

Соттан тыс банкроттық рәсімі келесі жағдайларда тоқтатылады, егер ол жүргізу мерзімі ішінде:

  • борышкер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкімет" веб-порталы немесе арнайы мобильді қосымша арқылы рәсімді тоқтату туралы өтініш берген жағдайда;
  • борышкердің меншігіне жаңа мүлік өткен немесе оның қаржылық жағдайы өзгеріп, міндеттемелерін толықтай немесе 30%-дан астамын өтеуге мүмкіндігі пайда болған жағдайда;
  • мүлікті немесе міндеттемелерді жасыру, оның көлемі, орны туралы мәліметтерді бермеу, мүлікті басқаға беру, жою, сондай-ақ мүлікке қатысты құжаттарды жасыру, жою немесе бұрмалау фактілері анықталған жағдайда;
  • қызмет алушының қайтыс болуы, сот шешімімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы немесе қайтыс болған деп жариялануы жағдайында;
  • борышкердің соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш берген күні талаптарға сәйкес келмегені анықталса, оның ішінде кредитордың өтініші бойынша.

Аталған негіздер бойынша рәсім тоқтатылғаннан кейін борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қайта қолдануға өтінішті алты айдан ерте бере алмайды.

Бұйрық 2025 жылғы 13 қазанда күшіне енеді.

Бұған дейін банкроттық рәсімі кезінде сұратылатын ақпараттың нысаны мен оны ұсыну ережелері бекітілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: