Антициклон Қазақстанға -13°С дейінгі аяз әкеледі

Осень, осенняя погода, желтые листья, листопад, осенний сезон, осенний парк, парк осенью, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 13:56 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қазақстандықтарға алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды. "Қазгидромет" РМК дерегінше, 2025 жылғы 4, 5 және 6 қазанда еліміздің басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің айтуынша, тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.

Сонымен қатар еліміз бойынша жел күшеюі, тұман, шығыста – көктайғақ, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанған.

"Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы біртіндеп -3+5°С-қа, күндіз +5-15°С-қа дейін көтеріледі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Басқа аймақтардағы температуралық фон:

  • Шығыста түнде -3-13°С-қа дейін аяз, күндіз +3+11°С пен -5+5°С аралығында ауытқиды;
  • Оңтүстік-шығыста түнгі уақытта -1-3°С үсік сақталады.
"Қалған аумақта температурада шамалы ғана ауытқулар күтіледі, айтарлықтай өзгерістер болмайды", – деп қосты синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, 2025 жылғы 3 қазанда кейбір облыстарда -3°С-қа дейінгі үсік күтілсе, басқаларында өрт қаупі жоғары болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: