Павлодарда инвесторлар үшін электр тарифтері төмендетілді
Фото: pexels
Павлодар қаласының прокуратурасы өңір экономикасына 400 миллиард теңгеден астам инвестиция салған 20 кәсіпорынға қатысты электр энергиясына тарифтерді қолдануда заңбұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында монополист компаниялар кейбір инвесторлардан жеңілдік қарастырылмаған жалпы тариф бойынша ақы алғаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде кәсіпорындарға жеңілдік тарифтер бекітіліп, бұл электр энергиясының құнын төмендетуге мүмкіндік берді.
Атқарылған шаралар "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларының шығындарын қысқартып, өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript