Министрлік: Қазақстанда жасанды түсік мәселесіне қатысты саясат өзгермейді

Беременность, живот беременной, беременная, беременные, рождаемость , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 15:01 Фото: unsplash
Қазақстанда аборт жасауға тыйым салу қарастырылмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 7 қазанда өткен Үкімет брифингінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистердің тиісті сұрағына министр нақты жауап берді:


"Жоқ. Біз неғұрлым өркениетті әдістерді таңдаймыз", – деді Ақмарал Әлназарова.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Магрипа Хамитова елімізде жыл сайын 70 мыңнан астам аборт жасалатынын мәлімдеді. Көбінесе бұл — 25 пен 35 жас аралығындағы әйелдер арасында тіркеледі.

Бұған дейін министр әлеуметтік осал топтағы әйелдерге тегін контрацептивтер поликлиникаларда берілетінін хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: