Павел Дуров пен Алматы әкімі AI-зертханасын құру, жастарға арналған IT-интернет жайын талқылады

Алматы әкімі, Павел Дуров, кездесу, AI-зертхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 21:33 Сурет: Instagram/darkhan_satybaldy_official
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 7 қазанда Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әкім желідегі өз парақшасында жазды.

Олар Алматыда AI-зертханасын құру мүмкіндіктерін, техникалық және IT бағыттарында дарынды жастарды даярлайтын мамандандырылған интернат ашу жобасын, сондай-ақ білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі бірлескен бастамаларды талқылады.

"Павел Дуров Қазақстанмен серіктестікті дамытуға ниет білдіріп, еліміздің цифрлық технология саласында зор әлеуетке ие екенін атады. Сонымен қатар ол қазақстандық мәдениеттің жанына жақын екенін және Алматы қаласын ерекше ұнататынын айтты", деп жазды әкім.

Бұған дейін Қазақстанда жүрген Павел Дуровтың заң бұзғаны белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: